Ауданда жаңа білім ордасы ашылды PDF Печать E-mail
Мақтарал ауданының Абай ауылдық округіндегі Бейбітшілік ауылында 200 орынды Титов атындағы жалпы орта мектептің жаңа ғимараты есігін айқара ашты. Сонау 1960 жылы 4 сыныптық болып ашылған бұл білім ұясы 1962 жылы сегізжылдық 1972 жылдан онжылдық болып қалыптасты. Мектепке Кеңес Одағының басытыры, ұшықыш, ғарышкер Герман Степанович Титовтың есімі берілген. Елу жылдан бері ыңғайласытырлған ескі жайда оқып келе жатқан балалар мініе, Елбасының «100 мектеп 100 аурухана» бағдарламасы аясында жаңа мектепке ие болып отыр. Қазір мұнда 1000-нан астам оқушы білім алуда. Оларға 90-ға жуық ұстаз дәріс береді.
Жаңа білім ордасының ашылуында сөз сөйлеген аудан әкімі С.Тұрбеков осындай сапалы да көркем ғимаратты небәрі 10 айда пайдалануға берген «Нұркен-Проект» ЖШС (басшысы Қ.Досаев) құрылысшыларына, аудандық құрылыс бөліміне (Н.Қалисев) алығысын айтты. Мектеп директоры М.Спархановтың білікті ұйымдастырушылығына, ұстаздар қауымына ризалығын білдіріп, 2 компьютерді сыйға тартты.
«Нұркен-Проект» ЖШС атқарушы директоры С.Пыхлев мектеп басшысына символикалық кілтті салттанатты түрде тапсырды.
 
Ауылға таза ауыз су келді PDF Печать E-mail
Мақтарал ауданындағы Ж.Ералиев ауылдық округіндегі Әлімбетов ауылының тұрғындары Тәуелсіздіктің 21 жылдығы қарсаңында үлкен қуанышқа кенелді. Қырық жылдан бері кермек су ішіп келген ауылға Елбасының «Ақбұлақ» бағдарламасына сәйкес 19 млн. 797 мың теңге қаржы бөлініп, жаңа ауызсу нысаны іске қосылды.
Құрылысты биыл сәуір айында бастаған «Бекмаржан» ЖШС (М.Абжанов) құрылысшыларына дән риза болған ауыл тұрғындарында шек жоқ. Жаңа нысаның ашылу рәсімінде лента қиған аудан әкімінің орынбасыры Ә,Әбжанов көпшілікті шын жүректен құттықтады.
Мұнда мембранды технология бойынша «Эйкас» фирмасының жаңа су тазарту қондырғысы орнатылған. Қондырғы тәулігіне 10 текше метр су тазартады.
 
Баламыз иманды болса деймiз... бiрақ, олардың iшкi әлемiне үңiлiп көрдiк пе?.. PDF Печать E-mail

Жыл сайын облысымызда өтiп жүрген «Ырыс алды — ынтымақ» қоғамдық форумдарында облыс әкiмi А.Мырзахметов  жас ұрпақ тәрбиесiне тереңiрек мән беру қажеттiгiн жиi айтып, қозғап жүр. Сонда оқушылардың сабақты тастап, мектептен мешiтке баратыны туралы, жеткiншектердiң жат ағымдардың жетегiне ерiп, өзiмен бiрге достары мен туыстарын да қатарына қосуға ұмтылуы  қоғамды алаңдатқан өзектi мәселе екенi де сөзсiз болып жүр. Бұл ащы да болса шындық!
 Бүгiнде өрiмдей жас қыздарымыз бен жiгiттерiмiздiң протестанттық, Иегова куәгерлерi, христиандық, тағы да басқа көптеген өзге дiндердiң қолшоқпарына айналып, терiс уағызға елiгiп жүргенiн көргенде жүрегiмiз қан жылайды. Ендi бұған соңғы жылдары «Сәләфилер» деп аталатын тағы бiр дiни ұйым қосылды. Олардың да бойынан экстремизм көрiнiстерiнiң алғышарттары байқалып отыр. Сәләфилер бұрыннан ресми қызмет етiп келе жатқан Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының iстерiне, пәтуаларына қарсы шығып, мешiтке келген жүртшылықтың мазасын алып, имамдардың жұмыстарына кедергi келтiруге тырысып бағуда.

Жалғасы...
 
«Өзіңнен баста!» акциясы бойынша Мақтарал ауданындағы лауазымды тұлғалардың 2011 жылғы мүлік және табыстар туралы МӘЛІМЕТ PDF Печать E-mail

«Нұр Отан» ХДП Орталық аппартының «Жаңғырту мен жемқорлық-үйлеспес ұғым!» іс шарасы  аясында «Өзіңнен баста!» акциясы бойынша Мақтарал ауданындағы лауазымды тұлғалардың 2011 жылғы мүлік және табыстар туралы
 МӘЛІМЕТ

1. Мақтарал ауданы әкімі Тұрбеков Серік Ордабекұлы
2011 жылғы жалпы табысы (айлығы) – 2 740 220 теңге.
Мемлекеттік бюджетке төлеген салығы – 228 795 теңге.
2011 жылы  ЖЗҚ-на төлеген  275 437 теңге.
Өз атында : Сайрам ауданы, Тассай елді мекені, Әл-Фараби көшесі №1   
тұрғын-үйі және Шымкент қаласы, Тоғызбаев көшесі №58 тұрғын-үйі бар.
Нақтылай 2000000 теңге қаржысы бар.

Жалғасы...
 
Абай ескерткіші ашылды PDF Печать E-mail

Ғұлама ойшыл, хакім Абайдың еңселі ескерткіші Жетісай қаласының төрінен бой көтерді. Мұның 1 Мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі күні ашылуының өзінде де терең бір мән-мағына жатқандай.
Абай ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген аудан әкімі С.Тұрбеков, филология ғылымдарының докторы, академик, саналы ғұмырын абайтануға арнап келе жатқан белгілі ғалым М.Мырзахметов, Алматыдан арнайы ат арылтып келген белгілі ақын А.Нысаналин, еңбек ардагері Ж.Абибуллаев, тағы басқалар ұлы ақын  шығармаларының мән-мазмұны, өміршеңдігі, рухани қазына екендегі туралы салиқалы ой өрбітті. Кемеңгер ақынның шығармаларын шабыттана оқыған Бекпатша Бексұлтан мен Исмайыл Мерейдің, Хан Станислав пен Шарап Ізеттің, Артықбай Нұрдәулеттің, сондай-ақ «Абаймен сырласу» деген төл туындысын арнаған жас ақын Тұрсын Әлішердің өлең оқу мәнерлері де көпшіліктің көңілінен шықты. Өн бойы лирикаға толы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндерін де «Мереке» ұлт-аспаптар ансамблі нәшіне келтіре орындады.

Жалғасы...
 
Мақтаралда жаңа ивестициялық жоба іске қосылды PDF Печать E-mail

Елбасының тапсырмасымен қабылданған Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Мақтарал ауданында  бір жоба мақұлданып,  Жетісай қаласында  «Сапа Инвест Плюс» ЖШС-і мақта қозапаясынан құрылыс-жиһаз тақташаларын (ДСП) өндіретін зауыт 2012 жылғы 25 желтоқсанда ҚР Президентінің басшылығында өтеткен телекөпірде ашылу салтанаты өткізіліп,   іске қосылды.
Бұл –өндірісте отандық шикізат үлесін арттыру бойынша берілген Мемлекет басшысы тапсырмасының нәтижелері.   
Жобаның жалпы құны 450,0 млн.теңгенің 249,1 млн.теңгесі қаржы лизингі арқылы АИО «Максимум» ЖШС-і қаражаты есебінен, қалған 200,9 млн.теңгесі кәсіпкердің өз қаражаты. Жылдық қуаты 30,0-50,0 мың куб/м құрылыс плиталарын /ДСП/ өндіру.  Сонымен қатар іске қосылатын өндіріс цехымен біргелікте цехтың  жанынан құрылыс клей цехын да іске қосу жоспарланған. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 1 бағыты аясында өндірістік инфрақұрылымды (газ және су құбырлары, электр желілері, жол ) жетілдіру  мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Жалғасы...
 
Аудан әкіміне жүктелген қызметтер мен міндеттердің 2012 жылдың 6 айында іске асырылуы жөніндегі есебі PDF Печать E-mail
Өнеркәсіп, кәсіпкерлік саласы

Аудандағы 35 өнеркәсіп орындары 2012 жылдың 6 айында жоспардағы   2 млрд. 500 млн. теңгенің орнына 2 млрд 512,7 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, орта мерзімдік даму жоспары 100,5 %-ға орындалды. 2011 жылдың 6 айында 1 млрд 905,8 млн теңгені құраған. (2011 жылы 12 ай-  4 млрд. 753,6 млн. теңге)
Ал, заттай өнімге шағар болсақ, 2011 жылдың тиісті мерзімінің деңгейіне қарағанда мақта талшығы – 12 566 тоннаға артып отыр. Нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 102,7 % пайызды құрап отыр.

Жалғасы...
 
ЖАРНАМА PDF Печать E-mail

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі №516 қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 мамырдағы №625 қаулысы негізінде, Мақтарал ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға және өнімдердің сапасы мен өнімділігін артыру бойынша субсидия алу үшін сұраныстарды қабылдау басталғанын хабарлайды.
Қаулы 2012 жылғы 19 мамырдағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланды.
Анықтама алу сымтетіктері: 6-23-04
6-15-58

 
Бекзат түйе балуан атанды PDF Печать E-mail

Жетісайдағы Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадион екі күн бойы (27-29 сәуір) көрермендерге толы болды. Өйткені мұнда қазақ күресінен
ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Б.Жаңбырбаевтың жүлдесіне арналған XVIII халықаралық турнир жалауын кетерген-ді.
Дәстүрлі дүбірлі жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген ауданымыздың әкімі С.Тұрбеков, экономика ғылымдарының докторы Б.Серіков, тағы басқа да азаматтар Бақыт Жаңбырбаев ағамыздың аудан спортының дамуына қосып отырған үлесі, салауатты өмір салты, жалпы спорттың қоғамымыздағы орны хақында тұщымды әңгімелер өрбітті.
Аталған жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген балуандармен қатар көршілес Өзбекстан мен Тәжікстаннан, сондай-ақ қырғыз елінен де бетке ұстар спортшылар келіп баптары мен бақтарын сынады. Бөзкілемдердің шаңын қағып жетісайлық көрермендердің ыстық ықыласына бөлене білген балуандардың арасынан бірте-бірте шеберлері де іріктеле бастады.
Әуелі салмақ дәрежелері бойынша белдескен балуандардың жеңімпаздары анықталды. Ең жеңіл, яғни 54 кг. салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасында Оңтүстік Қазақстаннан Олжас Ілесбеков өзінің мықты екенін делелдеді. Ол ақтық сайыста Маңғыстау облысының үкілі үміті Қайрат Бурбасовтың жауырынын жер иіскетті.

Жалғасы...
 
<< Бірінші < Алдыңғы 21 22 23 24 25 26 27 Келесі > Соңғысы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Ауа райы

Баннерлер

Пікіртерім

Біздің жаңа сайтқа баға беріңіз!
 

Сайтта кім бар

Сейчас 21 гостей онлайн
Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!