Әкімдер есеп берді PDF Печать E-mail

Елбасымыздың 2005 жылғы «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес ел алдында есеп беру дәстүрге айналып келеді.
Ауданның 24 қала, кенттер, ауылдық округтері әкімдері үстіміздегі жылдың қаңтар айының 14-31 аралығында тұрғындармен өткізілетін есепті кездесулері бекітілген кестеге сай 2012 жылы атқарған жұмыстары жайлы тұрғындар алдында есебін берді. Өткізілген есепті кездесулерге жауапты қызметкерлер, БАҚ өкілдері қатысты.

 
Көмек беру – парызымыз PDF Печать E-mail

Табиғат апатынан зардап шекен Созақ және Сарыағаш аудандарында болаған дүлей дауыл мен топан судың салдарынан орын алған аппаты жағдайға Мақтарал ауданының жұртшылығының қабырғасын қайыстырды. «Қайғы бөлінсе жеңілдейді» дегендей теріскейдегі Таукент елді мекеніндегі зардап шеккен тұрғындарға ауданымыздан қол үшын беретін 16 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен коммуналыдық мекемелерден құрылған 150 адам арнай бекітілген автокөліктерімен жеткізіліп, зардап шекекен аймақта қол ұшын созу жұмыстарына ауданнан барған құрылысшылар белсене кірісіп кетті.
Мақатарал ауданы зардап шеккен аймақтардағы апаттың салдарын жою үшін 15 млн. теңге көлемінде қаржылай және заттай көмек көрсетіледі. Табиғат аппатына ұшыраған аймақтарға көмек көрсету үшін аранайы ашылған есеп-шоттар аудандық «Мақтаарал» газетіне жарияланды.

 
Мәжіліс депуттары Мақтарал ауданында PDF Печать E-mail

Мақтарал ауданына аранайы келген Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депуттары Р.Халмұрадов, Р.Ким және Ә.Тойбаев «Мақта келісім шарт корпорациясы» АҚ мемлекеттік мақта зауытының, мақта тұқымдық шитін дайындайтын мемлекеттік зауытының және ветеринарлық зерітханасының жұмысымен танысты. Елбасының тапсырмасымен салынған зауыттың бүгінгі тыныс тіршілігімен танысқан Мәжіліс депутаттары мемлекеттік

Жалғасы...
 
Республикалық байқаудың жеңімпазы PDF Печать E-mail

«Нұр Отан» ХДП Мақтарал ауданыдық филиалы 2012 жылдың қорытындысы бойынша «Нұр Отан» ХДП-ның «Ең үздік қоғамдық бақылау бөлмесі» республикалық байқауының жеңімпазы болып танылды.
Астанада өткен жиында «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасыры Б.Сағынтаев арнайы диплом мен бағалы сыйлықты осы партияның Мақтарал ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасыры Ә.Байдуллаевқа слтанатты түрде тапсырды.
Өткен жылы да Мақтарал ауданында «Қоғамдық қабылдау» жұмысы жоғары таплап денгейінде ұйымдастырылып, тұрғындардың арыз–шағымдары, өтініштері уақтылы қаралып, тиісті шешімін тапты. Сонымен қатар «Қоғамдық қабылдау бөлмесінің» рәсімделуі, насихат көрнекілігі мазмұнды болды.
Бір айта кететіні «Нұр Отан» ХДП Мақтарал ауданыдық филиалы осымен үшінші рет республикада жеңімпаз болып отыр.

 
Жолдауды талқылады PDF Печать E-mail

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа арнаған Жолдауын насихаттау мен түсіндіру мақсатында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің  ұстаздарынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ Мақтарал ауданда кездесу өткізді.
Елбасымыз ауылды, ауыл шаруашылығын дамытуға баса көңіл бөліп, қамқорлықтан қақпай, жанашырлықпен қолдап келеді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты  жолдауында  ауыл мәселесіне ерекше тоқталып, алдағы жаңа тарихи кезеңде оны дамытудың міндеттерін айқындап берді.
Жолдаудың білім берудің заманауи жүйесі мен кадр дайындауды айқындап бергенінін тілге тиек еткен  Қазақ ұлттық аграрлық университетінің бірінші проректоры, ҚР ҰҒА корр. мүшесі Қ.М.Тіреуов өзінің сөзінде  «Қазақстан қарқынды экономикасымен, өте сауатты саясатымен, әрине, халықаралық жоғары беделімен мықты мемлекет болып қалыптасты. «Қазақстан-2030» Стратегиясында қойылған негізгі бағыттар мен көрсеткіштер мерзімінен бұрын абыроймен орындалды.

Жалғасы...
 
«Мақтарал» футбол клубының базасына оң баға берді PDF Печать E-mail

«Мақтарал» футбол клубы өткен жылы Семей және Павлодар қалаларында  өткен екі бірдей үлкен турнирде жоғары денгейде өнер көрсетіп, қарсыластарын ойсырата ұтып, «Шығыс аймақтық» әуесқой командалары арасында  Қазақстан Республикаысның кубогын жеңіп алып, еліміздің І лигасында ойнау мүмкіндігіне ие болды.
Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Қазақстан футбол федерациясының Кәсіпқой футбол лигасының менеджері П.Демян арнайы сапармен ауданымызға келді. Ондағы мақсат «Мақтарал» футбол клубының спорттық базаларымен танысу. Жетісай қаласындағы және Атакент, Мырзакент кентіндегі стадиондардың жағдайларымен танысты.
Ауданымызда өркендеп қанатын жайып жатқан футбол спортының жай-күйімен танысқан ҚФФ  Кәсіпқой футбол лигасының менеджері П.Демян атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.    

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 
Насихаттық топ ауданымызда PDF Печать E-mail

Мақтарал ауданындағы «Сырдария» университетінің «Жастар сарайында» аудан жұртшылығының өкілдері, студент жастары, еңбек ардагерлері және БАҚ өкілдері Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын талқылауға, насихаттауға келген облыстық насихат тобымен кездесті.
Жолдауды насихаттауға арналған бұл бас қосуда Оңтүсті Қазақстан мемлекеттік Фармацевтика академиясының қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушысы М.Төлентаев, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бастығы Б.Көмекбаева, ОҚО бойынша аумақтық жер инспекциясының бастығы Ө.Панзарбек, ОҚО салық департаментінің қызыметкері Ә.Сағынбековтар Жодауда алдымызға жаңа мақсаттар мен биік асулар қойылып отырғанына кеңінен тоқталып, алдағы жаңа тарихи кезеңде оны дамытудың міндеттерін орындауға бір кісідей атсалысуға шақырды.
Жиын басырсында Мақтарал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Жолдыбаев, аудандық «Жастар ортаығы» КММ-інің директоры Н.Бахтияров және басқада азаматтар сөз алып, өз ойларымен бөлісті.

Жалғасы...
 
Шаруашылық аралық су жүйесі күрделі жөндеуден өткізілуде PDF Печать E-mail

Мақтарал ауданында басталған бұл пилоттық жобаның бірінші кезеңінде 13,74 шақырым каналдың 3,4 шақырымы толық бетондалды. Оған мемлекеттен 167 млн. теңге қаржы бөлінген болатын. Шаруашылық аралық К-26 су жүйесін күрделі жөндеумен «Сагдиана» құрылыс фирмасы айнаысуда. Мұнда 90 адам жұмыс істеуде. Бәрі дерлік жергілікті мамандар. Сонымен қатар түрлі жұмыстарды атқаратын 20 техника жұмылдырылған. Биылғы жылы осы жобаның екінші, үшінші кезеңдері бойынша тиісті қаражат бөлінгелі отыр. Келешекте осы су жүйесі бойына әрбір кіші каналдарға қарай электр су сорғыш қондырғылары қойылады. Одан ағынсу әрбір шаруашылықтың алқабына жеке-жеке жеткізіліп берілдеді. Ол жерде гидрант қойылып, су өлшегіш құралдары орнатылады. Осы жоба бойынша құрылыс аяқталған соң ағын су жіберу компьютер арқылы басқарылатын болады.

 
«Мақтарал» футбол клубы ел біріншілігінде ойын көрсетеді PDF Печать E-mail

Мақтарал ауданы еліміздің ең оңтүстік нүктесінде орналасқан өңір. Халқының саны үш жүз мыңнан асатын ауданға С.Тұрбеков әкім болып келгелі  бұқаралық спортқа жете көңіл бөліп келеді. Жанкүйерлердің көптен күткен арманы орындалып, 2011 жылы ауданымызда «Мақтарал» футбол клубын құрып, республикалық чемпионаттың ІІ лигасында ойын көрсетіп,  жеңіс тұғырынан көріне білген мақтаралдықтар 2013 жылы еліміздің І лига чемпионатында ойын көрсететін болды.
Өткен жылы Семей және Павлодар қалаларында өткен екі бірдей үлкен турнирде «Мақтарал» футбол клубы командасы жоғары деңгейде ойын көрсетіп,  қарсыластарын ойсырата ұтып, Қазақстан Республикасының І лига чемпионатына  жолдаманы  ұтып алды.  Сонымен қатар «Мақтарал» футбол клубы 2012 жылы тамыз айында Семей қаласында өткен «Шығыс аймақтық» әуесқой командалары  арасында  Республика біріншілігінде (ІІ лига) бірінші орын мен қатар Қазақстан Республикасының кубогын жеңіп алды.

Жалғасы...
 
<< Бірінші < Алдыңғы 21 22 23 24 25 26 27 Келесі > Соңғысы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Ауа райы

Баннерлер

Пікіртерім

Біздің жаңа сайтқа баға беріңіз!
 

Сайтта кім бар

Сейчас 6 гостей онлайн
Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!