«КӨКТЕМ-2013» оқу-жаттығуы – төтенше жағдайдың алдын алу PDF Печать E-mail

Жер-жерлерде қыстың қолайсыз суық ауа райы күнделікті тұрмыста қолайсыздық тудырып жататындығы белгілі. Әсіресе, қалың жауған қар көптеген елді мекендерді әбігерге түсіріп жатқандығын ел бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп жүрміз. Ал, осы қыстың аязында қалың түскен қар көктем келе ери бастап, адамзатты әуре-сарсаңға түсіретіндігі тағы бар. Оның үстіне жауын-шашын, жерасты суларының көтерілуін қосыңыз. Мінеки, осының барлығы адам өмірі мен тұрмысы үшін қауіпті екендігі белгілі. Бұл дегеніміз – адами фактормен бірге қаншама материалдық-қаржылық шығын деген сөз. Алайда, ең бастысы – адамзат баласының өмірін сақтап қалу емес пе?!

Жалғасы...
 
Наурыз –жақсылық жаршысы PDF Печать E-mail

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін қарсы алуға аудан жұртшылығы дайындық жұмыстарын ерте бастап жіберді. Барлық елді мекендегі көшелер, алаңқайлар мен саябақтар сырланып, тазаланды. Жас көшеттер отырғызылып, тал біткен әктеліп, себіліктер өткізілді. Наурыз мерекесін халқымыз сәнді мерекелік көңіл күймен қарсы алды. Көше бойы мен алаңда, бақтардың айналасына көрнекіліктер ілінді.
Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының алдындағы орталық алаң да құлпырып, мерекелік әуенге бөленді. Жаршылар мереке салтанатының басталатын хабарлап, халықты орталық сахынаға шақырды. Бұдан соң Бөрі Исаның «Наурыз тойы» күйі орындалды. Оны «Жетісай сазы» халықтық ұлт аспаптар окестірі орындады. Күй фонында әжелер, келіндер, қыздар шығып, тайқазанға наурыз көже пісіруге дайындық көрінісін көрсетті.

Жалғасы...
 
«Ерлікке тағзым» жастарға қанат бітірді PDF Печать E-mail

Мақатрал ауданының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен  Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылуына  24 жыл толуына орай «Ерлікке тағзым» акциясы аясында мерекелік салтанатты іс-шаралар өтті. Іс-шара Атакент кентінде орналасқан аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі ғимаратында бастау алып, Жетісай қаласының «Жеңіс» алаңында ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне ұласты.  Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжінің акт залында  жоғары және арнаулы орта оқу орындарының жастарымен кездесу өтті. Кездесуге Аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова мен ішкі саясат бөлімінің бастығы П.Есенбеков және 300-ге жуық студент жастар, 70-ден астам Ауғанстан соғысы ардагерлері, «Жас Отан» ЖҚ белсенді мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу барысында Мақтарал аудандық Ауған соғысы ардагерлері Кеңесінің

Жалғасы...
 
Жыл есебі қорытындыланды PDF Печать E-mail

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» (2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546) Жарлығына сәйкес Мақтарал ауданы әкімі С.Тұрбеков үстіміздегі жылдың ақпан айының 1-14 күндері аралығында аудандағы 24 қала, кент, ауылдық округтері тұрғындары алдында есеп берді.
Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 2012 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қорытынды есеп берген аудан әкімі С.Тұрбеков, есеп беру кезіндегі жинындарға 3485 тұрғындар өкілдері қатысып, 89 адам сөйлеп,  171 ұсыныс түсіп, оның ішінде білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау саласы бойынша -41, жол жөндеу -25, ауыз су мәселесіне -24, газ, телефон, электр қуаты бойынша -16 және басқа да мәселелер бойынша -59 түскенін айтып өтті.

Жалғасы...
 
Алғашқы ойындар анықталды PDF Печать E-mail

Өткен жылы «Шығыс аймақтар» әуесқой командалары арасында Мақтарал ауданының футболшлары тамаша өнер көрсетіп, Қазақстан Республикасының І лигасында ойнау мүмкіндігімен қатар еліміз кубогын жеңіп алған болатын.
Биылғы доп додасы мақталы өңірдің футболшылары үшін өте тартысты өткелі тұр. «Мақтаарал» футбол командасы еліміздің І лигасындағы алғашқы ойынын үстіміздегі жылдың наурыз айының 31 жұлдызында Талғар қаласының «Ақ бұлақ» командасымен бастайтын болады.
Ал, футбол маусымының қызықты кезеңі болып саналатын Қазақстан кубогінің жеребесі тартылып, 1/16 финалда «Мақтаарал» футбол клубы 10 сәуірінде бірінші ойынды Шымкенттің «Ордабасы» командасымен кездесетін болды.
Қазіргі таңда ауданымыздың құрама командасы футбол ойындарына өзінің қызу дайындықтарын жүргізуде.

 
Мәуліт мейрамы атап өтілді PDF Печать E-mail

            Үстіміздегі  жылдың  ақпан айының 9 күні Жетісай қаласындағы «Қазақстан» жастар сарайында Мәуліт мейрамын атап өтуге бағытталған жиын болып өтті. Іс-шараға 500 жастар және аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы П.Есенбеков пен орталық мешіттің бас имамы Б.Сыздықов қатысты. Салтанатты жиынға арнайы Алматыдан келген ақын-сазгер Дәулет Жарылқасын жастарға Мәуліт мейрамының мәні мен маңыздылығын түсіндіріп, жамандықтан арылуды, жақсылыққа ұмтылып, көркем мінезді болуға уағыздады. Аудан имандары дәстүрлі мәуліт-шәріпті оқыды. Онда Алла елшісінің қадыр-қасиеті мадақталып, салауат айтылды. Іс-шара  белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбаев негізін қалаған «Раян» тобының өнер көрсетуімен жалғасын тапты.

 
Аудан әкімдігінде жыл қортындысы қаралды PDF Печать E-mail

Мақтарал аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша 2012 жылдың қорытындысы қаралды. Жиынды ашып, сөз сөйлеген аудан әкімі С.Тұрбеков Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы Жолдауынан туындайтын міндеттерге тоқталып, Қазақстан дамуының жеті бағыты бойынша нәтижелі жұмыс жүргізу басты міндеттің бірі екенін атап көрсетті.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Ә.Әбжанов аудан бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстарға жан –жақты талдау жасап, «2012 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» деген тақырыпта  баяндама жасады.
Басқосуда қала, кент, ауылдық округітері және  әкімдік бөлімдері бойынша рейтингтік көрсеткіш жарияланды. Онда тиісті салалардың жұмыстары 72 көрсеткіш бойынша сапарпқа салынған. Бірінші орынды Ынтымақ ауылдық округі (әкімі М.Ауаш) иеленсе, екінші орын Абай ауылдық округіне (әкімі Д.Қалыкөзов),

Жалғасы...
 
Сот әділ шешім шығарды PDF Печать E-mail

Мақтарал аудандық сотында  ауданы әкмі С.О.Тұрбековтың талап арызы бойынша Республикалық қоғамдық-саяси  ақппараттық апталық «Әділет» газеті арқылы жарияланған 19.09.2012 жылы шыққан №35(94) санда жарияланған «Мақтааралға жаны ашымайтын әкім керек емес» деген мақаладағы жалған мағлұматтар бойынша жауапкерлер Жұбатұлы Ботабектен, Джаркинбеков Ыбрайым Абсаттаровичтен, Ашимов Мухтар Абдимажитовичтен ар-намыс, қадір қасиет және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істі қарады.
Мақтарал аудандық соты талапкер Серік Ордабекұлы Тұрбековтың талап арызын ішінара қанағаттандыру, ар-намыс, қадір қасиет және іскерлік беделіне  кір келтірген мағлұматтар деп тану,  жауапкерлер Б.Жұбатұлы,  Ы.Джаркинбеков, М.Ашимовтарға  Республикалық қоғамдық-саяси  ақппараттық апталық «Әділет» газеті арқылы таратылған жалған мағлұматтарды теріске шығаруды міндеттеуді және тлапкер С.Тұрбековтың пайдасына, жауапкерлер Б.Жұбатұлы,  Ы.Джаркинбеков, М.Ашимовтар әр қайысынан

Жалғасы...
 
Семинар кеңес болып өтті PDF Печать E-mail

Қаңтар айының ортасында Астанада Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиялық Жолдауында айтылған мемлекеттік қызметті және жергілікті өзін өзі басқаруды реформалау туралы тапсырмасына сәйкес кеңейтілген кеңес болып өткені белгілі.
Мақтарал ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында өткен жиында осы кеңеске қатысып қайтқан аудан әкімі С.Тұрбеков мемлекеттік қызмет реформасы, ауылдық округі әкімдерін сайлау туралы айтып берді.
Жиында сөз алған аудан әкімі аппаратының басшысы А.Маханбетов мемлекеттік қызмет реформасы қандай бағытта, қалай жүргізілетіні жайында түсіндіріп, елімізде мемлекеттік қызметтің жаңа моделі қалыптасып, жүзеге асатынын түсіндіріп өтті.
Жиналысқа аудандық мәслихат хатшысы О.Нұржанов қатысты.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Келесі > Соңғысы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Ауа райы

Баннерлер

Пікіртерім

Біздің жаңа сайтқа баға беріңіз!
 

Сайтта кім бар

Сейчас 21 гостей онлайн
Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!