ХҚКО-лар нәрестелер мен олардың аналарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады Печать

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2015 жылғы 15 желтоқсан                                                                                           Шымкент қ.

ХҚКО-лар нәрестелер мен олардың аналарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Халыққа қызмет көрсету орталықтары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнінің қарсаңында дүниеге келген балаларды құттықтады. ХҚКО қызметкерлері дәл шығару уақытында тура перзентханаларда туу туралы куәлікті салтанатты түрде табыстауды ұйымдастырды. 
«Осы іспеттес акцияны бұған дейін Қазақстанның жекелеген қалаларында өткізген болатын, алайда бүгінгі іс-шара айтарлықтай кең ауқымға ие болды, оған Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 бөлімі қатысты, біз Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша перзентханаларда 60 астам  құжат табыс еттік», - деп айтып өтті «ХҚКО» РМК ОҚО бойынша филиал директоры Серік Ауғанбаев. 
Баланың туылуын тіркеу жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметі жергілікті атқарушы органдар мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ресімделеді. Оны алу үшін ата-ананың жеке куәлігі, неке қию туралы куәлігі, туу туралы медициналық куәлік немесе туу туралы фактіні анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі талап етіледі. Қызмет                   2 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі.
«Әдетте, туу туралы куәлікке тапсырыс беру үшін ХҚКО-ға ата-ананың бірі жүгінеді. Мереке аясында біз өтініштерді өзіміз қабылдадық және құжаттарды дәл перзентханадан шығару кезінде жеткіздік», деді Ауғанбайев.
ХҚКО-лардың тууды тіркеуден басқа баланың туылуына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар тағайындауға сұрау салулар қабылдайтындығы баршамызға мәлім, ал «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы ата-аналар баланы балабақшаға кезекке қоя алады.
Айта кетейік, жылдың басынан «ХҚКО» РМК ОҚО бойынша 48 мыңнан астам туу туралы куәлік берді.

 

«ХҚКО» РМК ОҚО  баспасөз қызметі,