Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Печать

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
кейбір бұйрықтарына өзгерістер
енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрыққа 1, 2 және 4 қосымшаларда:
3-тармақтың 3 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;
көрсетілген бұйрыққа 5 және 6 қосымшаларда:
3-тармақтың 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;
осы бұйрыққа 1, 3, 4, 5 және 6 қосымшалардың бүкіл мәтіні бойынша «ХҚО» деген абрревиатурасы тиісті септікте «Мемлекеттік корпорация» деген сөздермен ауыстырылсын;
осы бұйрыққа 1, 3 және 6-қосымшалардың 3-қосымшаларында бүкіл мәтіні бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
осы бұйрыққа 4-қосымшаның 6-қосымшасында бүкіл мәтіні бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» деген сөздерге ауыстырылсын;
осы бұйрыққа 5-қосымшаның 4-қосымшасында бүкіл мәтіні бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» деген сөздерге ауыстырылсын;

2) «Лотерея қызметі және ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 140 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11307  болып тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5 қосымшаларда:
3-тармақтың 3 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;
осы бұйрыққа 1-қосымшаның 5-қосымшасында бүкіл мәтіні бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
осы бұйрыққа 2, 3, 4 және 5-қосымшалардың 7-қосымшасында бүкіл мәтіні бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» деген сөздерге ауыстырылсын;
осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалардың бүкіл мәтіні бойынша «ХҚО» деген абрревиатурасы тиісті септікте «Мемлекеттік корпорация» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данадағы көшірмесін қоса бере отырып, электрондық тасығышта осы бұйрықтың көшірмелерін Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында және «ресми жариялау үшін, елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данадағы көшірмесін қоса бере отырып, электрондық түрде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілеттілік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген  
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі                                   А. Мұхамедиұлы

 

 

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрініңкейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы «      »                    №        бұйрығына
анықтама-негіздеме

Р/с №

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның
ақпараты

1

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

2

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 124-р өкімі

3

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 17 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес келтіру

4

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 5 маусымда № 11276 болып тіркелген «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығы;
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда № 11307 болып тіркелген «Лотерея қызметі және ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 140 бұйрығы

5

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының
16-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме

Жоқ

7

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

8

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің www.mks.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылған

 

8-1

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса)

Талап етілмейді

9

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ

 

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің
Заң қызметі департаментінің
директоры                                                                       М. Жақсыбаев