Ата-жұрт ауылындағы көше атауын өзгерту туралы Печать

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық  құрылысы туралы»  Қазақстан  Республикасының  1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңының  14-бабы  4)  тармақшасына сәйкес халық  пікірін  ескере  отырып және Оңтүстік Қазақстан облысы ономастика комиссиясының 2015 жылғы 15 шілдесіндегі қорытындысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1.Атажұрт ауылында орналасқан «Жібек жолы» көшесі  атауына  «Серік Жүнісов» көшесі атауы берілсін. 2.Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан  кейін күнтізбелік он  күн  өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ауыл  округі  әкімі м.у.а: Н.Танабаев.