Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» № 38-218-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы Печать

Аудандық мәслихат шешімінің
жобасы

 

 

Мақтаарал аудандық мәслихатының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы «2015-2017
жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
№ 38-218-V шешіміне өзгерістер
енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 106 бабының 3 тармағына, 109-бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы №43/348-V «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №34/258-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3374 тіркелген шешіміне сәйкес Мақтаарал аудандық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №38-218-V «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2944 тіркелген, 2015 жылғы 16 қаңтардағы «Мақтаарал» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мақтаарал ауданының 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1,2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 27477530 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2832869 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 65609 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 28163 мың теңге;
трансферттер түсімі – 24550889 мың теңге;
2) шығындар – 27560115 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 326878 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 377571 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 50693 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы – - 409463 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру– 409463 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 377571 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 50042 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 81934 мың тенге.».
Көрсетілген шешімнің 1,2 және 3 қосымшалары осы шешімнің 1,2 және 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім www.maktaral.gov.kz. ауданның ресми веб-сайтында жариялансын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау мәслихаттың экономикалық реформа, бюджет, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады, алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы:                                                     Э. Темірбаева

 

Аудандық мәслихаттың
хатшысы:                                                                              О.Дәндібаев