Желтоқсан 2010

«Қара жорғаны» 10 мың адам биледі PDF Печать Email

Қазан айының 29-шы жұлдызында Гиннестің рекордтар кітабына ең көп адамның қатысуымен биленген би ретінде енген «Қара жорғаны» Мақтарал ауданы орталығы Жетісай қаласындағы «Жеңіс» алаңында 10 мың адам биледі.
Елімізде бұған дейін тек республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтары мен ірі қалаларда ғана болған бұндай іс-шара аудандар арасында тұңғыш мәрте біздің ауданда болып отыр.
Оны тамашалауға арнайы сыйлы қонақтар, БАҚ өкілдері мен аудан тұрғындары келіп тамашалап, іс-шараны ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдіріп жатты.
ЕҚЫҰ Саммитіне арналған «Жасасын біздің Елбасы, жасасын қазақ елі, жастарды жалындатқан!» атты мерекелік іс-шараға аудан әкімі С.О.Тұрбеков қатысып, іс-шараның маңыздылығына тоқталып, жалынды лебізін білдірді.

  Подробнее...


Қарттар қазыналылығын көрсетті PDF Печать Email

Аудан әкімдігі ұйымдастырған «Халықаралық қарттар күніне» байланысты отырыс «Ақсүмбе» мейрамханасында өтті. Бұл басқосуға қала, кенттер мен ауылдық округтерден 400-ге жуық еңбек ардагерлері қатысты. «Қарты бардың-қазынасы бар» деп атам қазақ бекер айтпаған. Басқосу тілек сөздермен басталды. Алғашқы болып сөз алған соғыс және еңбек ардагері, Мақтарал ауданының «Құрметті азаматы» Т.Жолдасов ауданға жаңадан келген әкімге көпшілікті қолдау көрсетуге шақыра келіп, ру-руға, жүз-жүзге бөлінбейік деген пікірі сол күнгі отырыстың басты ұранына айналды.

  Подробнее...


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!