«Тәуелсіздік тұғырым» мерекелік кеші PDF Печать E-mail
15.12.2015 12:48

Ауданымызда алғаш рет желтоқсанның 14 жұлдызында Тәуелсіздік күніне орай жастарға арналған мерекелік кеш өтті. «Жас Отан» Жастар қанаты мен  ішкі саясат бөлімі «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған іс – шара қара шаңырақ өнер ордасы Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында болып, оған қала, кент, ауылдық округретдегі жастармен жұмыс жасайтын мамандар, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет саласы қызметкерлері, «Алтын белгіге» үміткер оқушылар, құқық қорғау  және  арнаулы орта оқу орындарының жастары белсенді қатысты. Тілек-лебіздерімен  Мақтаралдық жастарды мерекемен құттықтап аудан әкімінің орынбасары А.Есенбеков әр салада 

Жалғасы...
 
«Спорт – жігер, cпорт - бірлік» атты турнир өтті PDF Печать E-mail
15.12.2015 12:45

Қазақ Хандығының 550 жылдығы мен 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Мақтаарал ауданында ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жүлдесі үшін «Спорт – жігер, Спорт - бірлік» атты ұранымен еркін күрестен жасөспірім арасында аудан біріншілігі өтті. Жетісай қаласындағы спорт кешенінде болып өткен іс-шараға аудандық «Жас Отан» Жастар қанаты мен ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұжымы да қолдау көрсетті.
Жарысқа Мақтаарал ауданының спортшылары қатысты. Сайыс негізінен 2003–2005 жылдары  туылған  29кг, 32кг, 35кг, 38кг, 42кг салмақта, 2001-2002 жылдары  туылған 38кг, 42кг, 46кг, 50кг, 54кг салмақтағы жасөспірімдер арасында өтті. 

Жалғасы...
 
Елбасы Жолдауын насихаттауға арналған дөңгелек үстел PDF Печать E-mail
14.12.2015 00:00

Жуырда Мақтарал аудандық «Жастар  орталығы» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі  мен  «Жас  Отан»  жастар  қанатының   ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында Елбасымыз Н.Назарбаевтың Жолдауына арналған «Елбасының Жолдауы – дамудың даңғыл жолы» атты аудан жастарының арасында талқылау және түсіндіру жөніндегі дөңгелек үстел болып өтті. Жаңа Жолдау «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атауымен Қазақстан халқына жол тартты. Елбасының баршамызға үлкен жауапкершілік  жүктейтін, келешекке   бағыт – бағдар   беретін   негізгі   құжатты  жастардың   арасында   кеңінен   насихаттауға   бағытталған   мәжіліске  қала кенттер мен ауылдық округтерінің жас мемлекеттік қызметшілері мен белсенді жастары және «Жас Отан» Жастар қанаты, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының  жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары   қатысты. Мәжіліске «Жастар  орталығының»  директоры  М.Бейсенбаев   төрағалық етті.

Жалғасы...
 
Сыбайлас жемқорлықсыз болашаққа PDF Печать E-mail
11.12.2015 00:00

9 желтоқсан - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай  Мақтарал аймағы бойынша мемлекеттік  қызмет істер жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл басқармасы мен  «Жастар  орталығы»  коммуналдық   мемлекеттік   мекемесі  мен  «Жас  Отан»  Жастар   қанатының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықсыз болашаққа» тақырыбында   жайдарман әзіл-сықақ   ойыны   болып   өтті. Жастардың  бойындағы   өнерге, білімге   деген   шығармашылық   ізденістерін   дамыту, жастардың   танымдық   қызығушылығын   қалыптастыру, жастар   арасында    қазақ    тілінің    дамуына   және   жандануына   үлес   қосу, жастарға сыбайлас жемқорлық түсінігін ұғындыру, талантты жастарға   қолдау   көрсету   мақсатында  қаламыздағы   Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында  өткен   ойынға   қала   мектептері   мен   арнаулы   орта   оқу   орындарынан   10 команда   қатысып,  бүгінгі   таңда   еліміздің   жастары   үшін  үлкен маңызға   ие  болған   жайдарман   ойынын   тамашалауға   көрермендер    көп   жиналды. Намысты   қолдан   бермеуге   тырысқан   әр   команда   ұтымды   әзіл, тапқыр   сөзбен   сайысты   қызықты   өткізе  білді.

Жалғасы...
 
Жарайсыңдар! «Жайдарман» әзіл-сықақ жастар ойындары PDF Печать E-mail
10.12.2015 00:00

Ауданымыздың намысын қорғап  жүрген  Жетісай құрамасы командасы жүлделі  оралды.  Тараз  қаласында өткен   Республикалық «Әулие ата» орталық лигасының финалында  «Жетісай құрамасы»  жүлделі  II – орынмен оралды  және «Үздік әзіл» номинациясы бойынша  марапатталды. Құттықтаймыз!

Г.Сұлтанова
Мақтарал аудандық Жастар орталығының әдіскері

 
Жолдау – жаңа міндет жүктейді PDF Печать E-mail
15.12.2015 00:00

Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығы қарсаңында Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:  өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Елбасы Тәуелсіздік алғалы бері жеткен жетістіктерімізді айта отырып, мемлекет қандай жағдайда да әлеуметтік міндеттемелерін орындап келгенін, тарихымызды түгелдеп, мәдениетімізді өркендетуге қол жеткізгеніміз туралы айтып өтті.
Елбасы Жолдауда әлемдік саясат пен сырт елдерде болып жатқан жағдайларға елімізді шарпытпай, әлем көшінен қалмай ілгерілеп, ел экономикасының еңсесін түсірмей, халықтың әл-ауқатын  көтеру мен бірлік жайында баса айтты. Сонымен қатар, қиын да күрделі кезеңде, көз алдымызда мың құбылып жатқан қоғамда өмір кешіп отырғанымыз жасырын еместігін де еске салып, тиісті министрліктерге халыққа оңтайлы бағыттарды ұсынды. Жаңа индустриялық және инновациялық жобалардың қарқынын күшейтуді тапсырды.

Жалғасы...
 
Отанға қызмет ету - парыз PDF Печать E-mail
11.12.2015 00:03

9 желтоқсан - Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай  Мақтарал аймағы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл басқармасы мен «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен аудан әкімі аппаратының  үлкен мәжіліс залында  «Отанға қызмет ету - парыз» тақырыбында форум  өткізілді.  Осы халықаралық күнді атап өтудің мақсаты - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, онымен күрес жүргізу тақырыбына арналды. Форумға Мақтарал аймағы бойынша мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл басқармасының  консультанты С.Серікбаев, ардагерлер кеңесінің өкілі, тыл ардагері Т.Досаев, аудан әкімінің орынбасары Б.Асанов, қала, кент ауылдық округіндегі жас мемлекеттік қызметкерлер, бөлімдер, құқық қорғау қызметкерлері, жоғары және арнаулы орта оқу орнының студенттері, БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Б.Асанов жүргізіп отырды. Іс – шараның пленарлық бөлімінде Мақтарал аймағы бойынша мемлекеттік қызмет  істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл басқармасының консультанты С.Серікбаев, ардагерлер кеңесінің өкілі тыл ардагері Т.Досаев,

Жалғасы...
 
Қуанышты жаңалығымыз бар! PDF Печать E-mail
10.12.2015 00:00

Жайдарман ойындарында облысымыздың намысын қорғап жүрген "Сырдария" құрамасы 27 қараша күні  Астана  қаласында  өткен  жоғарғы лига финалында чемпиондыққа лайық өнер көрсетіп, жүлделі  III - орынға ие болды. Сондай-ақ маусымның «Үздік ойыншысы» команда капитаны Марат Сарсенбаев лайық деп табылды. Сырдария құрамасына  құтты болсын айта отырып, алдағы уақытта да сәттілік серік болсын деп білеміз!

Г.Сұлтанова
Мақтарал аудандық Жастар орталығының әдіскері

 
Елбасы Жолдауын еңбегімізбен қуаттайық! PDF Печать E-mail
09.12.2015 00:00

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Осы мақсатта «Нұр Отан» партиясы Мақтарал аудандық филиалының ұйымдастыруымен кестеге сәйкес, барлық бастауыш партия ұйымдарында Жолдауды насихаттау бойынша жиындар өтіп, оған Жетісай, Асықата, Атакент, Мырзакент өңірлері бойынша құрылған төрт үгіт-насихат топтары жиналыстарға қатысып, халықпен кездесіп, Жолдау ясында талқылау жұмыстарын жүргізіп, қолдау білдіруде.

«Нұр Отан» партиясы Мақтарал аудандық
филиалының Саяси кеңесі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғысы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Ауа райы

Баннерлер

Пікіртерім

Біздің жаңа сайтқа баға беріңіз!
 

Сайтта кім бар

Сейчас 68 гостей онлайн
Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!